Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы мен Астанадағы 27-29 наурыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматы мен Астанадағы 27-29 наурыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы

27 наурызда Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2° аяз, күндіз 10-12° жылы.

Реклама
Реклама

28 наурызда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз 8-10° жылы.

29 наурызда құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз 8-10° жылы.

Астанадағы ауа райы болжамы

27 наурызда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8° аяз, күндіз 5-7° жылы.

28 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5° аяз, күндіз 8-10° жылы.

29 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5° аяз, күндіз 9-11° жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама