Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 26–28 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 26–28 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

26 маусымда елордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +22…+24 градус.

Реклама
Реклама

27 маусымда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.

28 маусымда – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 9–14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз аздап жылынып, +25…+27 градусқа жетеді.

Алматыдағы ауа райы болжамы

26 маусымда Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3–8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +28…+30 градус.

27 маусымда – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр мен найзағай сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +26…+28 градус.

28 маусымда Алматыда қайтадан өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +30…+32 градусқа дейін жылиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама