Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазгидромет синоптиктері 28–30 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 28–30 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

28 маусымда елордада бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +25…+27°C болады.

Реклама
Реклама

29 маусымда бұлтты ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

30 маусымда да ауыспалы бұлтты ауа райы болжанады, кей жерлерде жауын-шашын және найзағай күтіледі. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

28 маусымда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

29 маусымда да жауын-шашын күтілмейді. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнгі температура +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

30 маусымда түнде жаңбыр және найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 13 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама