29 маусым 2023 | 10:11

Алматы мен Атырау қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары болады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейінің жоғарылайтыны болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейінің жоғарылайтыны болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, 29 маусымда Алматы мен Атырау қалаларында ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚМҚ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Осыған дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар медициналық орталығының өкілі Роза Бәкенованың айтуынша, мұндай кезеңдерде далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Егер сіз сыртқа шықсаңыз, онда респираторларды, ылғалданған бетперделерді қолданыңыз. Мүмкін болса, қаланың сыртына шығыңыз. Терезелерді жабық ұстаңыз.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісов көліктер көп жиналатын қала орталығында жиі серуендемеуді ұсынады.

Еске салайық, ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері республикада найзағай ойнап, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. 1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте және Қазақстанның орталығында ауа райы жауын-шашынсыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram