04 сәуір 2022 16:57

Алматы мен Жамбыл облысында екі полиция басшысы ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның айтуынша, 5 қаңтарда (қаңтар оқиғасы кезінде. - Ескерту) Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша екі полиция департаменті мен үш ҰҚК департаменті басшылары өз ғимараттарын қару-жарақпен тастап шығып кеткен. Олардың барлығы күдікті деп танылды.

Оның айтуынша, осы дерек бойынша қызмет бабындағы әрекетсіздік туралы тоғыз қылмыстық іс қозғалған.

Реклама
Реклама

"2022 жылдың 1 және 2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары және Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр", - деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram