18 мамыр 2020 | 14:37

Алматы мен Нұр-Сұлтанда 18 мамырда қандай ұйымдар жұмысын бастады?

© Әлихан Сариев

Қазақстанда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер біртіндеп алына бастады. Tengrinews.kz тілшісі 18 мамырдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және бірқатар басқа қалада қандай нысандар жұмысын бастағанын хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер біртіндеп алына бастады. Tengrinews.kz тілшісі 18 мамырдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және бірқатар басқа қалада қандай нысандар жұмысын бастағанын хабарлайды.

Алматыда 18 мамырдан бастап туроператорлар қызметін бастады. Сондай-ақ, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелеріне, екінші деңгейлі банктерге және қаржы секторының басқа да ұйымдарына жұмысқа қайта оралуға рұқсат етілді. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Жоғарыда көрсетілген компаниялар жұмысын қайта бастауы үшін оларға бірқатар шарттарды орындау керек, соның ішінде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері қаулысында айтқан ережемен танысу, нысандарды талапқа сәйкес дайындау және infoalmaty.kz сайтында тіркеуден өту қажет. 

Сондай-ақ, 18 мамырдан бастап Алматыда тротуарлық типтегі ақылы автотұрақтар жұмысын қайта бастады. Енді барлық паркомат үнемі санитарлық өңдеуден өтіп отырады. Жүргізушілерге қолғаппен ақша төлеуге кеңес беріледі. Сонымен қатар, паркоматты бірнеше автокөлік иесі пайдаланған жағдайда қашықтық сақтау қажет.

Айта кету керек, Алматыда карантин шаралары әлі де бар. Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізіміне сауда және ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, түнгі клубтар, кальян шегетін орын, кинотеатрлар және басқалар кіреді.

500 шаршы метрге дейінгі сауда және ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ кейбір кафе 25 мамырда ашылады.

Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары, атап айтқанда: кафе (жазғы демалыс орнын қоса алғанда) және 50 орынға дейінгі мейрамханалардың жұмысына рұқсат етілген.

18 мамырдан бастап қалада кезекші топ режимінде балабақшалар мен жеке сабақтарға арналған түзету кабинеттері жұмыс істейді. Бұл нысандар коронавирустың таралу деңгейі бес пайыздан аспаған жағдайда ғана жұмыс істей алады.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары 18 мамырдан бастап орталық базарға бара алады. Қала әкімдігі ірі сауда орталығының дайындығын тексеріп, оның жұмысына жақсы баға берді.

Айта кетейік, сауда және ойын-сауық орталықтары, фуд-корттар, маникюр, педикюр, косметологиялық қызметтер көрсетілетін сұлулық салондары, сондай-ақ, астаналық ХҚКО-лар жұмысын қайта бастау мәселесі қаралып жатыр.

Қазақстанның кейбір басқа қалаларында 18 мамырдан бастап карантин шаралары әлсіреді. Мысалы, Ақтауда енді моншалар мен сауналар жұмыс істейді, бірақ тек жеке нөмірлер мен кабиналарда сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін.

Сондай-ақ, Алматы облысында Талдықорғанның екі ауданынан бөлек, сауналарға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Елордада мектепке дайындайтын жерлерде кезекші топтар ашылды. Өңірде спорттық шаралар мен жаттығуларды ашық алаңда өткізуге рұқсат етілді. 50 орынға дейінгі ашық стадиондар іске қосылды. Сондай-ақ, Қапшағай қаласында "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" жұмыс істей бастады.

Маңғыстауда да карантин шарттары өзгерді. Енді тұрғындарға саябақтарда, сквер және жағалауда демалуға рұқсат. Қалалық және ауылдық қоғамдық көлік жұмысын бастады. 30 адамға дейін жазғы кафелер мен кабинкалар, сондай-ақ монша кешендері, монша, сауналар, спа жұмыс істейді. Сонымен қатар, ашық спорт алаңдарында және стадиондарда жаттығуға, сондай-ақ қонақ үйлердің жұмысына рұқсат етілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная