ПОДЕЛИТЬСЯ
17 тамыз 2022 | 13:45
Алматы мен Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасы бар ма?
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр. Кейінгі тәулікте (16 тамыз) коронавирус инфекциясының 1104 жаңа жағдайы тіркелді. Аурудың ең көп саны Нұр-Сұлтан мен Алматыда байқалады. Осыған байланысты мамандар санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауды, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды ұсынады. Tengrinews.kz тілшісі Алматы мен Нұр-Сұлтанда қандай вакцина салдыруға болатынын және ДДСҰ мойындаған Pfizer вакцинасы бар-жоғын білді.

Алматыда Pfizer вакцинасы, оның ішінде толық және күшейткіш дозалар халықтың келесі санаттары үшін ғана қолжетімді:
1) жүкті және бала емізетін әйелдер;
2) Жасөспірімдер (мектеп оқушылары);
3) Сондай-ақ Pfizer вакцинасының бірінші дозасын алғандарға.
Алматыда Pfizer вакцинасын алуға болатын емханалардың (вакцинация пункттерінің) тізімі:
1. №14 қалалық емхана - Алматы қаласы, Әйгерім-1, Бенберин көшесі, 24.
2. №3 қалалық емхана - Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 74.
3. №5 Қалалық емхана - Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 141.
4. № 8 қалалық емхана - Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 40.
5. АМСК орталығы - Алматы қаласы, Төле би көшесі, 157.
6. "Республикалық отбасылық-дәрігерлік орталық" ЖШС - Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 83.
7. №10 Қалалық емхана - Алматы қаласы, Ақсай-4 ықшамауданы, 17.
8. №15 қалалық емхана - Алматы қаласы, Достық шағынауданы, Ильич көшесі, 17.
9. №16 қалалық емхана - Алматы қаласы, Шаляпин көшесі, 19а.
10. №1 қалалық емхана - Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53.
11. №2 қалалық емхана - Алматы қаласы, Шухов көшесі, 37б.
12. №5 Қалалық клиникалық аурухана - Алматы қаласы, Достық даңғылы, 220.
13. Медеу ауданы - Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, 74.
14. №24 қалалық емхана - Алматы қаласы, Земнухов көшесі, 3/1.
15. №36 Қалалық емхана - Алматы қаласы, Шұғыла шағынауданы, 340а.
Басқа санаттағылар Vero Cell (Қытай) және Qazvac (Қазақстан) вакциналарын ала алады. Вакцина тегін, тек емханаларға хабарласса болғаны.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Pfizer вакцинасы жоқ екенін айтты.
"Елордада Sinopharm вакцинасы бар. Нұр-Сұлтан қаласындағы АМСК ұйымдарында 34 екпе кабинеті бар", - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также