04 қазан 2021 | 14:26

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: секс-притондар әшкере болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: elements.envato.com

Алматы мен Нұр-Сұлтанда эротикалық массаж салондарының атын жамылып, жұмыс істейтін секс-притондар жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Нұр-Сұлтанда эротикалық массаж салондарының атын жамылып, жұмыс істейтін секс-притондар жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы криминалдық полиция қызметкерлері эротикалық массаж салондарының атын жамылып, Өзбекстан мен Қазақстанның жезөкшелікпен айналысатын азаматтарының қылмыстық тобын анықтады.

Сегіз адамнан тұратын топ құрылып, ұзақ уақыт бойы қатысушылар арасында рөлдерді бөліп, екі қалада қылмыстық кәсіп ұйымдастырған. Қылмыскерлер интернетте жарнама жариялап, қыздарды жоғары жалақысы бар жұмысқа шақырып, содан кейін кастинг өткізген (20-30 қыз).

Реклама
Реклама

Жезөкшелер үйі зәулім коттедждерде ұйымдастырылып аптасына жеті күн, тәулік бойы жұмыс жасаған. Банк аударымы бойынша күнделікті табыс топ ұйымдастырушысына аударылып отырған. Айына 10-12 миллион түскен.

"1 қазанда, дәл осы уақытта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, тінту жүргізіліп, заттай айғақтар алынды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 262-бабы, 1-бөлігі бойынша оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша изоляторға қамалды", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарында адам саудасына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде жетеуі - адам саудасы, 16 - кәмелетке толмағандар саудасы бойынша.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная