ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2020 | 12:20
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы орташа айлық жалақы белгілі болды
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті. Бұл туралы ел экономикасының мониторинг жасау бойынша жобаны зерттеушілер Ranking.kz мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті. Бұл туралы ел экономикасының мониторинг жасау бойынша жобаны зерттеушілер Ranking.kz мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл екінші тоқсанда Қазақстандағы қызметкерлердің айлық жалақысы 13,7 пайызға өсіп, 212 мың теңге болған. Инфляцияны ескере отырып, нақты көрініс бойынша сатып алу қабілетінің өсуі 6,5 пайыз болған. былтыр осы кезеңде орташа айлық жалақы мөлшері 186,5 мың теңге болды.
"Жалақының ең көп мөлшері Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелді - 386,4 және 317,7 мың теңге. Нұр-Сұлтанда орташа айлық - 282,5 мың теңге, Алматыда - 238,7 мың теңге. Айта кетейік, аталған төрт аймақтажалақы мөлшері республика бойынша орташа жалақыдан көп.
Сонымен қатар, орташа айлық жалақының ең аз мөлшері Солтүстік Қазақстан (159,3 мың теңге) және Жамбыл (162 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (164,2 мың теңге) тіркелді.
Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты 2,3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алуға өтініш берген. Төлем 2 миллион 114 мың адамға төленген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также