12 маусым 2024 | 09:16

Алматы мен Семейде қонақүй өртенді

видео кадры/ТЖМ

12 маусымда таңертең өртсөндірушілер екі қонақүйде – Семей мен Алматыда өрт сөндірді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 маусымда таңертең өртсөндірушілер екі қонақүйде – Семей мен Алматыда өрт сөндірді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Алатау ауданындағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты.

Реклама
Реклама

"Қоңырау түскен сәттен бастап 45 минут ішінде өрт сөндірілді. Алдын ала өрт аумағы 700 шаршы метр болған. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Семейде өрт қонақүйдің үшінші қабатындағы бөлмеде шыққан.

"Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 22 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram