ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 шілде 2020 16:10
Алматы мерекелік отшашудан бас тартты
Алматыда Елорда күніне орай отшашу болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.
Алматыда соңғы екі аптада карантин шаралары күшейтілген. Бірақ мереке күндері шектеу енгізілу-енгізілмеуі белгісіз. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі биыл мерекелік отшашу болмайтынын хабарлады.
Қазіргі уақытта coronavirus2020.kz мәліметі бойынша, Алматыда 5501 адамнан коронавирус табылған. Оның 2201-і аурудан жазылса, 26 науқас қайтыс болған.
Ал бүгін Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен COVID-19 анықталғаны хабарланған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу