01 желтоқсан 2020 | 09:49

Алматы метросы директорына тағы да ұжымдық шағым түсіп жатыр

Алматы метрополитенінің қайтадан тағайындалған директоры Айдын Оразхановқа қызметкерлері кезекті рет шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы метрополитенінің қайтадан тағайындалған директоры Айдын Оразхановқа қызметкерлері кезекті рет шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, басшы Айдын Оразханов қоластындағылармен дөрекі сөйлесіп, оларды жаппай жұмыстан босатып жатыр.

Реклама
Реклама

"Алматыметрополитен" бірнеше қызметкері Алматы әкімдігіне, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Антикоррға осы жағдайды айтып, хат жазған.

"Айдын Оразханов келгелі бері бір айдың ішінде 40-қа жуық қызметкер жұмыстан шығарылды және бүгінге дейін қызметкерлерге қысым жасалып жатыр. Ол оларды өз адамдарына ауыстырды. Біз кез келген уақытта жұмыстан шығарылуымыз мүмкін", - дейді кіріс жинау қызметі басшысының орынбасары Досым Жолдыбаев. 

Бейнежазбалардың бірін қызметкерлер редакцияға жіберді. Кадрларда екі адамның метро ғимаратына үлкен суретті кіргізіп жатқаны көрінеді.

 

Айдын Оразханов өз кезегінде осы жанжалға қатысты пікір білдірді. 

"Өздеріңіз түсінесіздер, мұнда 1500 адам жұмыс істейді, 1-2 пайызы кетеді, келеді, бұл қалыпты жағдай. Мен өзім қазан айында тағайындалдым, енді ғана жұмысқа кірістім деп айтуға болады. Жаппай жұмыстан босату жоқ, бұл мәлімет дұрыс емес. Мен талап қоя білетін басшымын, бұл көпшілікке ұнамайды, сондықтан менің тапсырмаларымды орындағысы келмейтін кейбір бөлім бастықтары маған қарсы шығып жатр, - дейді Оразханов. - Мен бұл шағымдар мен видеоларды көрдім. Суреттерге келетін болсақ, біздің Арбатта кеңсе жанында суретшілер бар, сонда суреттер сатылады. Метрода көрмелер өтіп жатыр. Біз оларды тегін көрсетеміз, бірақ тақырыпты үйлестіру керек. Видеодағы екі ер адам тақырыпты үйлестіру үшін суретті жай ғана түсірді. Менің ойымша, видеоның өзі ойдан шығарылған, өйткені бұл суретті қайтарған сәт видеоға түспеген. Сыйлық туралы әңгіме айту мүмкін емес", - деді метро директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная