ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 қыркүйек 2024 16:03
Алматы метросы жұмыс режимін бір күнге ауыстырады
Алматы метросында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден кейін бастайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Мұндай жұмыстары пойыздардың жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу