Алматы метросында жаңа турникеттерге байланысты кезек пайда болды: видео

Айнұр Қапышова Корреспондент
Алматы метросында жаңа турникеттерге байланысты кезек пайда болды: видео Видеодан алынған кадр

Алматы тұрғындары метродағы жаңа турникеттерге шағымданды: олардың айтуынша, құрылғылар билеттерді 20–30 секунд оқиды, соның салдарынан кезек пайда болады. Бұл жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары метродағы жаңа турникеттерге шағымданды: олардың айтуынша, құрылғылар билеттерді 20–30 секунд оқиды, соның салдарынан кезек пайда болады. Бұл жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде метро турникеттерінің алдында пайда болған ұзын-сонар кезек түсірілген видеоны жариялады.

Реклама
Реклама

"Момышұлы станциясындағы метрода тағы да қарбалас. Билетті 20–30 секунд оқитын жаңа терминалдар қойыпты", - деп жазды автор.

Жаңа турникеттер не үшін орнатылды?

Алматы әкімдігі метрополитенде турникеттерді жаңарту басталғанын хабарлады.

"Жоба аясында QR-коды бар қағаз билеттер, банк карталары, Apple Pay, Samsung Pay және тағы басқа төлем тәсілдерін қабылдайтын әмбебап турникеттер енгізіледі", - деді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ баспасөз қызметі жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, турникеттер маңында адамдардың жиналуын азайтуға бағытталғанын айтты.

"QR-код пен жетондарды оқу уақыты бірдей. Метрополитен мамандары жабдықтардың жұмысын тұрақты түрде бақылап, ауытқу анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдайды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Неге пластик жетондардан бас тартты?

Әкімдік мәліметінше, жетондардың орнына QR-коды бар қағаз билеттерге көшудің бірнеше себебі бар:

  • жетон қабылдауға арналған механикалық бөлшектердің жиі бұзылуы;
  • жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектердің болмауы және олардың қымбаттығы;
  • QR-код технологиясын қолдана отырып "Оңай" және Avtobys көлік жүйелерімен біріктіру мүмкіндігі.

"QR-коды бар қағаз билеттер бір реттік сапарға арналған және жолаушыларда басқа төлем тәсілі болмаған жағдайда қолданылады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде метрополитендегі турникеттердің 50 пайыздан астамы жаңартылып, аталған барлық төлем тәсілін қабылдайды. QR-коды бар қағаз билеттер қаладағы барлық станцияда енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама