ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 шілде 2026 18:41
Алматы метросында жолаушыларға жаңа шектеулер енгізілді
Алматы метросында жаңа ереже енгізілді: кейбір қозғалыс құралдарын алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы метросында жаңа ереже енгізілді: кейбір қозғалыс құралдарын алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Енді метроға нені алып кіруге болмайды?
Метрополитен мәліметінше, жаңа шектеулер 23 маусымдағы "Алматы метрополитенінде жекелеген қозғалыс құралдарын тасымалдауға шектеулер енгізу туралы" № 519-б бұйрығына сәйкес енгізілді.
Енді жолаушыларға метро вагондарына мыналарды алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынады:
- электрвелосипедтер;
- электрсамокаттар;
- велосипедтер (балалар велосипедтерінен қоспағанда);
- роликті тақталар (скейтбордтар);
- электр монодөңгелектер (моноциклдер) және өзге де осыған ұқсас қозғалыс құралдары.
Баспасөз қызметі бұл шара жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік және өрт қауіпсіздігін деңгейін арттыру мақсатында қабылданғанын түсіндірді.
Шектеулер не нәрсеге қолданылмайды?
Дегенмен ережеде бірқатар ерекшелік қарастырылған. Жолаушылар бұрынғыдай метроға мынадай қозғалыс құралдарымен және заттармен кіре алады:
- қапқа салынған жиналмалы электр емес велосипедтер;
- қапқа салынған жиналмалы электр емес өзге де көлік құралдары;
- балалар арбасы;
- мүгедектерге арналған арба.
Метро әкімшілігі жолаушылардан жаңа ережені сақтап, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрады.
Бұған дейін Алматыда қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарындағы түзетулерді стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өткен болатын. Шара аясында "Алматыбасжоспар" басшысы Асхат Садуов Алматы метрополитені құрылысының егжей-тегжейін айтты. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Райымбек даңғылынан әл-Фарабиге дейін: Алматыда қоғамдық көліктің жаңа түрі іске қосылмақ
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу