Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Фото:facebook.com/alm.sud.kz

Алматы облыстық соты карантинге жабылды. Бұл туралы соттың Facebook желісіндегі парақшасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық соты карантинге жабылды. Бұл туралы соттың Facebook желісіндегі парақшасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған қаласының санитар дәрігерінің қаулысымен облыстық соттың ғимараты мен аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин шаралары енгізіледі. Осылайша, соттың барлық жұмысы толығымен тоқтатылды, қызметкерлер қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінен басқа барлық адамға сот ғимаратына баруға қатаң тыйым салынады.

Реклама
Реклама

Осы кезеңге қарауға белгіленген істер кейінге қалдырылды. Күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.

Еске салайық, Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта орналасқан. Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 82 жаңа жағдайы тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама