04 тамыз 2017 15:20

Алматы облысы әкімінің орынбасары денсаулық сақтау мекемесінің жөндеу жұмыстарына көңілі толмады

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Панфилов ауданындағы білім беру және денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына көңілі толмай, жұмысты 20-тамызға дейін аяқтауды тапсырды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Панфилов ауданындағы білім беру және денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына көңілі толмай, жұмысты 20-тамызға дейін аяқтауды тапсырды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын 173 млн. теңгеге тендер бойынша ұтып алған "Фирма Лан" ЖШС жұмысты кестесінен белгісіз себептермен кешіктіріп жатыр. Өткне жылдың қазан айында басталған жөқндеу жұмыстары биыл майсымда бітуі керек тиіс еді. Алайда екінші кезең жұмыстарының тек 80 пайызы ғана аяқталды.

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан аталмыш құрылыс компаниясын келісім бойынша міндеттерін жауапкершілікпен орындамағаны үшін ықылассыз жеткізушілердің тізіміне енгізу және тұрақсыздық айыбын төлету, сонымен қатар жұмысты аяқтауға міндеттеу туралы сотқа талап арыз түсірді.

Аталған мердігер екі ай бойы жұмысшылардың жалақысын да төлемеген. Сол себепті де жұмыс соңына дейін атқарылмаған. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Төлеу Сарпековтің айтуынша, құрылысшылар жұмысты сапалы орындаған, егер де олар жұмыстың қалған бөлігін белгіленген мерзімде аяқтағанда, емделушілер мен медицина қызметкерлеріне қандай да бір қолайсыздық тудырмаған болар еді.

Ал күрделі жөндеуден өтіп жатқан Н. Крупская атындағы орта мектептегі жағдай көңіл көншітерлік. Мұнда бас мердігер астаналық "Нұрсад" ЖШС фирмасы 156 миллион теңгеге ғимарат қабырғасын жөндеу, еден, терезе, есіктерін, шатыр жабындысы мен жылыту жүйесін ауыстырумен қатар, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Нысандағы құрылыс жұмыстарымен таныс болған Жақсылық Омар жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қосымша жұмыс күшін жұмылдыру туралы ұсыныс білдірді.

"Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық құрылысы жүріп жатқан нысандардағы жұмыстар 20 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Құрылыстың сапасы мен құрылыс жұмыстарының қарқыны біздің ерекше бақылауымызда. Күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы жеткілікті көлемде бөлінді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да барлық қажетті көмек көрсетілуде. Олай болса, осы нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруге ешбір кедергі жоқ", - деді Жақсылық Мұқашұлы.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram