15 қаңтар 2021 | 15:57

"Алматы облысы жабылады". Санитар дәрігерлер хабарламаға жауап берді

Whats Аpp арқылы Алматы облысы карантинге жабылатыны туралы хабарлама тарай бастады. Алайда Алматы облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің баспасөз қызметі хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Whats Аpp арқылы Алматы облысы карантинге жабылатыны туралы хабарлама тарай бастады. Алайда Алматы облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің баспасөз қызметі хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы кездері Whats Аpp мессенджерінде Алматы облысында карантиннің күшеюіне байланысты өңір толығымен жабылатыны туралы аудиохабарлама тарай бастаған. Сондай-ақ хабарламада ауылдар арасында қозғалыс шектелетіні айтылған. 

Реклама
Реклама

"Бұл ақпарат Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен облыстың аудандары мен қалаларының бас санитарлық дәрігерлері қабылдаған қолданыстағы қаулының талаптарына сәйкес келмейді. Бұл бұрынғы аудиожазба және коронавирус инфекциясының бірінші толқыны кезінде болған оқиғаларға, яғни 2020 жылғы наурыз-сәуірде қабылданған шектеулерге қатысты", - дейді ведомство өкілдері. 

Ведомство өкілдері мұндай хабарламаларға мән бермеуді және әлеуметтік желі мен мессенджер арқылы шындыққа жанаспайтын хабарлама таратпауды сұрады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная