Алматы облысы жолдарында бақылау күшейді

Фото ©️ Турар Казангапов

Алматы облысы жолдарында бақылау күшейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы жолдарында бақылау күшейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір аумағында жол апаттарының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыруға бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Демалыс күндері полицейлердің жұмысы күшейтілген: патрульдік жасақтардың саны артты, олар күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

Реклама
Реклама

"Ерекше назар қауіпті учаскелерге, халық көп шоғырланатын орындарға және қала сыртындағы тасжолдарға аударылып отыр", - деді Алматы облысы ПД өкілі.

Ведомство мәліметінше, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, оның ішінде көлікті масаң күйде басқару және жылдамдықты асыру анықталып жатыр. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзіңіздің де, айналаңыздағы адамдардың да өмірін сақтаңыздар!" - деп үндеу жасады ІІМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама