31 қаңтар 2022 | 17:59

Алматы облысы полициясының жаңа басшысы Facebook-ке тіркелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы облысы полициясының жаңа басшысы генерал-майор Арыстанғани Заппаров Facebook әлеуметтік желісінде аккаунт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы полициясының жаңа басшысы генерал-майор Арыстанғани Заппаров Facebook әлеуметтік желісінде аккаунт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, облыстың бас полицейі халықпен тығыз қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік желіге тіркелген. Азаматтар енді облыстық полиция басшылығына өздерінің сұрақтарын қойып, пікір жаза алады.

"Бұл парақша азаматтар мен полиция арасында тығыз қарым-қатынас құруға бағытталған. Парақша конструктивті қарым-қатынас пен азаматтардың мәселелерін жедел шешудің тағы бір алаңына айналады, бұл қоғамның құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деген сенімін арттырады. Қазіргі уақытта біздің департаменттің Instagram, VKontakte, Facebook және YouTube желілерінде парақшалары бар", - деп хабарлады ПД.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік орган басшыларының Интернет-алаңдары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында енгізілген және жалғасып жатыр. Құжатта еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі ең маңызды институционалдық қайта құрулар айқындалды, олардың ішінде көпшілікке ашық болу үшін әлеуметтік желілерде парақша ашуға назар аударылған.

"Арыстанғани Заппаров жақын арада азаматтарды онлайн-қабылдауды жоспарлап отыр. Оның өтетін күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады. Облыстық полиция басшылығының онлайн және офлайн режиміндегі кездесулері тұрақты өткізіліп тұрады. Азаматтар проблемалары туралы айтып, қажетті мәліметті тікелей бірінші басшыдан ала алады", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram