Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Саян Бакиров, Ескендір Бекманов. Фото:gov.kz

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстан Республикасы бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығы бойынша, Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын қызметінен босатылған.

"Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ескендір Бекманов 2022 жылдың тамызынан бері Талғар ауданының прокуроры қызметін атқарған. 1976 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласында дүниеге келген. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Алматы облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Еске салайық, бұған дейін Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков, Талғар әкімінің орынбасары Матан Сағындық, сондай-ақ Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтерінен босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама