20 сәуір 2022 | 13:02

Алматы облысында 10 сотық жерді тегін алуға қанша адам кезекте тұр?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматы облысында 460 мыңға жуық тұрғын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 460 мыңға жуық тұрғын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.

"Бүгінгі күні egov.kz электронды үкімет порталында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметі бойынша Алматы облысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға 728 605 өтініш берілген, оның ішінде 459 207 өтініш тіркелді", - делінген тілшінің сауалына ресми жауапта.

Облыс бойынша 2016-2022 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысына 3976 жер телімі берілді (2018 ж. - 1214, 2019 ж. - 988, 2020 ж. - 1160, 2021 ж. - 575, 2022, 1-тоқсанда - 39).

Реклама
Реклама

Әкімдік 2022 жылы дайындалып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер телімдерінің саны 1937 (443,19 га) екенін атап өтті. Олар Балқаш, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Кеген, Сарқанд, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ облыстарында, сондай-ақ Текелі мен Талдықорған қалаларында беріледі.

Қазір мемлекеттік қызмет Талдықорған қаласын қоспағанда, облыста қолжетімді екені атап өтілді.

"ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Талдықорған қаласы бойынша кезекте тұрғандар туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін өтініш берушілер жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке тұра алады", - деп атап өтті әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная