14 мамыр 2024 | 16:27

Алматы облысында 2,7 мыңнан астам үй кезегінде тұрған адам әлеуметтік тұрғын үй алды

Фото: ҚТК

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы мен жергілікті атқарушы органдардың ынтымақтастығы арқасында мыңдаған отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады. Толығырақ материалда.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы мен жергілікті атқарушы органдардың ынтымақтастығы арқасында мыңдаған отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады. Толығырақ материалда.

Алматы облысында үй кезегінде тұрған 2,7 мыңнан астам адам бекітілген баға бойынша әлеуметтік баспанаға ие болды. Бұл туралы Қонаев қаласының құрылыс салушыларымен кездесу барысында "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов мәлім етті. Ол өңірлік өкілдермен бірлескен жұмыстың аралық нәтижелеріне назар аударды, сондай-ақ Бірыңғай тұрғын үй құрылыс операторы жүзеге асырған тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа құралдарын таныстырды.

Атап айтқанда, келесі бағыттар қозғалды: үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылар үшін субсидиялар, өңірлік әкімдіктерде тұрғын үйге кезекте тұрған қазақстандықтар үшін құрылысты қаржыландыру және (немесе) тұрғын үй сатып алу, жеке құрылыс салушылардан сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу.

Реклама
Реклама

Олжас Салықов, жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға бөлек тоқталды. Бұл бағдарламаны Бірыңғай оператор 2016 жылдан бастап әкімдіктер қайтарған қаражатты келесі облигацияларды сатып алуға жұмсап, сол арқылы бөлінген қаражаттың өтелуін және айналымын қамтамасыз ететін "айналмалы" механизм арқылы жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда әкімдік облигациялары жиынтықта 1 097,6 млрд теңгеге сатып алынды.

Алматы облысында қандай нәтижелер бар?

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ (жалғыз акционері "Бәйтерек" "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ) деректері бойынша жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу есебінен жалпы сомасы 48,2 млрд теңгеге 165,6 мың шаршы метр құрылысты қаржыландыруға қол жеткізді. Нәтижесінде2,7 мыңнан астам кезекте тұрғандар белгіленген бағамен әлеуметтік тұрғын үй алды.

"Сонымен қатар, үлестік құрылысқа кепілдік беру тетігі аясында Қонаев қаласында үш жоба сәтті іске асырылды. Қазір құрылыс барысында бірыңғай оператордың кепілдігі бар тағы бір жоба тұр. Біз қазақстандықтардың қолжетімді бағамен және тәуекелсіз тұрғын үй сатып алуы үшін бар күшімізді саламыз", – деді Олжас Салықов.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ Бірыңғай оператордан кепілдік алу тәртібін жеңілдету және үлестік құрылыстың "сұр" нарығының үлесін азайту мақсатында бірқатар түзетулер әзірлеген болатын. Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үй кешені кепілдігі және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар нысандар туралы ақпаратты homeportal.kz тұрғын үй порталынан білуге болады.

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная