ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қыркүйек 2023 | 13:00
Алматы облысында 4-сынып оқушы өзіне қол жұмсамақ болды: прокурорлар жауаптыларды атады
Алматы облысының прокурорлары Алматы маңындағы мектепте болған 4-сынып оқушысының ісіне қатысты шенеуніктер мен педагогтерді жазалау туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының прокурорлары Алматы маңындағы мектепте болған 4-сынып оқушысының ісіне қатысты шенеуніктер мен педагогтерді жазалау туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Алматы іргесіндегі мектептердің бірінде сыныптастарының қысымынан кейін 4-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғанына қадағалау органының өкілдері дереу назар аударған.
"11 қыркүйекте Талғар аудандық прокуратурасы облыстық білім басқармасына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Сонымен қатар, аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологқа қатысты шара қабылдау және істі аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолдау туралы мәселе көтерілді", - деді басқарма өкілдері.
Сонымен қатар, прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп, мектептің мәжіліс залында құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында дәрістер өткізеді.
"Барлық білім беру ұйымында Алматы облысы прокуратурасының QR-коды бар, оның көмегімен азаматтар түрлі құқықбұзушылықтардың барлық дерегі туралы хабарлай алады, бұл туралы дабыл дереу прокурорларға жіберіледі. Олар өз кезегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды", - деді прокурорлар.
Еске салайық, Алматы іргесіндегі ауылдардың бірінде 4-сынып оқушысы басқа балалардың қысымынан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін құқық қорғау органдарына хабарласқан. Кейін Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаның басқа да жай-жапсарын ашты.
"11 қыркүйекте аудандық полицияға 1992 жылы туылған азаматша арызданып, 2013 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының дәріден уланғаны туралы арызданған. Тексеру барысында бала үйінде отырып, 10 шақты таблетка ішкені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, "Ацетилсалицил қышқылы" болуы мүмкін", - деді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также