09 шілде 2024 | 10:01

Алматы облысында 5 миллиард теңгеге жуық субсидия қаржысы ұрланған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының прокуратурасы шаруаларға берілген 4,8 миллиард теңгенің ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының прокуратурасы шаруаларға берілген 4,8 миллиард теңгенің ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының прокуратурасы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік субсидияларды ұрлаудың, оларды заңсыз төлеудің және шаруаларға "таңдау әдісімен" төленген жүйелі схемаларын анықтады.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша өтеу процесі басталып, бүгінде бюджетке 110 миллион теңге қайтарылды.

Ауылдардағы әлеуметтік-өндірістік кооперативтер асыл тұқымды жануарларды алу мақсатында селекциялық жұмыстарға арналған 1,2 миллиард теңге субсидияны ұрлаған. Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмай, құжаттар ресми түрде ресімделіп, облыста асыл тұқымды мал саны ұлғайтылмаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Облыс әкімдігінің есептік деректері бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны айтлды.

"Асыл тұқымды қойларды селекциялау бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша 4 жылда олардың саны 1,9 миллионға дейін ұлғайтылды.

Алайда, деректер тек қағаз жүзінде қалды, прокурорлық тексеру облыс бойынша асыл тұқымды қойлардың саны небәрі 367 мың бас екенін көрсетті".

Облыста ауыл шаруашылығын дамытудың тиімділігін талдау жалғасып жатыр. Мысалы, Ұйғыр ауданында тіркелген жануарлар жоқ бола тұрып, 2023 жылы селекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін 45,2 миллион теңге сомасына субсидия алды. Субсидия алған кезде бұл кооператив өзінің жеке ауласы ретінде Ұйғыр ауданыны тұрғындарының ауылшаруашылық жануарларын тіркеген.

Әкімдік мал басының нақты сақталуына мониторинг жүргізбегендіктен, мемлекеттік бюджетке залал келтіріліп жатыр. Ұрлау дерегі бойынша соталды 5 тергеу басталып, заңсыз төленген субсидияларды қайтаруға 3 ұсыну енгізілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная