Алматы облысында 58 шетелдік елде заңсыз тұрып келген

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 58 шетелдік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 58 шетелдік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД полициясы мигранттар жүретін жерлерде көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау бойынша шаралар өткізді.

"Биыл Талдықорған ПБ аумағында бірнеше рет жедел-алдын алу шаралары жүргізілді. Мақсаты - заңсыз көші-қон арналары жолын кесу, ел аумағында болу режимін бұзатын және еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратын шетел азаматтарын анықтау, сондай-ақ шетел азаматының еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер қызметіне бақылау жасау", - деді Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Елмұрат Нұрсейітов.

Реклама
Реклама

Қабылдау-бөлу орнына 32 адам жеткізілді, жеке басын куәландыратын құжаттары және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 11 адам қамауға алынды.

"Жедел алдын алу шарасы кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын 152 рет бұзу дерегі анықталды. 131 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 58-і шетелдік", - деді полиция полковнигі Нұрсейітов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама