ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2021 | 13:26
Алматы облысында әкім отставкаға кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен кеткені хабарланды.
"Қуанышбек Қалиұлы 2021 жылы 12 ақпанда өткен кеңесте қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеді, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.
Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап атқарды.
"Қазір әкімнің міндетін оның орынбасарлары атқарады", - деп толықтырды ведомстводағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также