14 желтоқсан 2021 | 10:52

Алматы облысында әкімдік балкондарға жалауды фотошоппен салған

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысындағы аудандардың бірінде Photoshop бағдарламасы көмегімен көпқабатты үй балконына Қазақстанның туы салынған. "Пятый регион" ақпараттық порталы қызық жағдайдың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы аудандардың бірінде Photoshop бағдарламасы көмегімен көпқабатты үй балконына Қазақстанның туы салынған. "Пятый регион" ақпараттық порталы қызық жағдайдың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, облыстағы аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі парақшасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шаралардың суреті жарияланған. Суретке көпқабатты үйлер түсірілген. Тұрғындар терезе мен балконға Қазақстанның мемлекеттік рәмізі - Туды іліп қойған.

Реклама
Реклама

"Басылым редакторлары кәсіби графикалық дизайнер Сергей Мартыщенкоға жүгінді. Сарапшы шенеуніктердің жұмысына баға беріп, жалауларды епсіз маман қолмен салған деген қорытындыға келді. "Бұл сөзсіз фотошоп, өте нашар жұмыс. Тулардың артындағы ағаш бұтақтарына назар аударыңыз: бірақ қарапайым адам бұған назар аудармауы да мүмкін. Неге алдады екен?" – дейді ол.

Айта кетейік, фотосурет әкімдік парақшасынан өшірілген, бірақ кейбір пікір қалдырушылар оны қайтаруды "талап еткен".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная