ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2022 | 10:37
Алматы облысында алғашқы қар жауды
Алматы облысындағы Кеген-Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 10 қазанда "Кеген-Нарынқол" республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін "ҚазАвтоЖол" call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также