Алматы облысында антисанитариялық жағдайда алкоголь өндірген адам ұсталды

ҚМА видеосынан алынған кадр

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдан жасалған суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындағаны хабарланды.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша соталды тергеу басталды.

ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама