Алматы облысында аудандық аурухана есепшісі 90 миллион теңгені жымқырған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы облысында бухгалтер кәсіпкерлердің ақшасын иемденгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы облысында бухгалтер кәсіпкерлердің ақшасын иемденгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы облысы прокуратурасы мәліментінше, ​Ұйғыр аудандық орталық аурухана бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар қаражатын 90 миллион теңге көлемінде иемденгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банк шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде аударған. Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген. Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 миллион теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

​Прокуратураның қадағалау актісі бойынша, ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама