ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2024 | 12:00
Алматы облысында ауыл тұрғындарын сібір жарасы алаңдатып отыр
Алматы облысында сібір жарасының 80-нен аса ошағы табылды. Жұқпалы аумақтар тұрғын үйлер мен балабақшаларға жақын орналасқан. Тұрғындар денсаулығына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында сібір жарасының 80-нен аса ошағы табылды. Жұқпалы аумақтар тұрғын үйлер мен балабақшаларға жақын орналасқан. Тұрғындар денсаулығына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде сібір жарасынан өлген мал көмілген жер маңында 75 орындық балабақша орналасқан. Тұрғын үйлер одан да жақын орналасқан. Жергілікті тұрғындар індеттен қорқып отыр және биліктен инфекция ошағын жоюды бірнеше рет сұраған.
Алматы облысында барлығы 87 осындай қорым бар. Оларға ауру жануарлар немесе басқа инфекция тасымалдаушылар өлексесі көміледі. Олардың кез келгені инфекция көзі бола алады. Қауіптенген тұрғындар оларды елді мекендерден алыстатуды талап етіп отыр.
"Балалар жүр, қараңыздар. Мен мұнда балаларды талай рет көрдім. Олардың инфекция жұқтырмайтынына кепілдік қайда? Жаппай тарамайтынына? Балалар біздің болашағымыз. Жақын жерде балабақша да бар. Санитарлық шаралар бұзылған, арақашықтық 1000 метр болуы керек, ол жоқ", - деп ашуланды ауыл тұрғыны Жадыра Жаңабаева.
Сібір жарасының бактериялары, сарапшылар пікірінше, адамдар мен жануарлар денсаулығына қауіп төндіре отырып, ондаған жыл бойы өмір сүре алады. Ауыл тұрғындары мұндай қауіпті дерттің ошағы неге дәл осы ауылдың ортасында орналасқанын түсінбейді.
"Бұл жерде бұрын сібір жарасына шалдыққан адамның жеке заттары мен керек-жарақтары сақталған қойма болған. Тиісінше, барлық зат өртеліп, дезинфекцияланып, осында көмілген. Ережеге сәйкес іс-қимыл тәртібі осындай", - деп түсіндірді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев.
Жергілікті билік аурудың ықтимал ошағын жою мүмкін емес екенін айтты. Өйткені жұқтыру қаупі бар. Жерде де сібір жарасы 50 жылдан аса сақталуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также