ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2021 | 09:01
Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, үш адам қаза болды
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, жол апатынан үш адам көз жұмды. Ауруханаға түскен төрт жолаушының екеуі ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, жол апатынан үш адам көз жұмды. Ауруханаға түскен төрт жолаушының екеуі ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жол апаты Алматы-Бішкек тасжолында болды. Соқтығыс кезінде автобус аударылып, жолаушылар көлігінің үстіне құлаған.
"Алматы - Бішкек тасжолының 108-шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай автобуспен соқтығысқаны анықталды. Автобустың жолаушылары зардап шеккен жоқ", - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің қызметкері Әбілтай Әбенов.
Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі жеңіл көлікте болған. Автобус жүргізушісіне дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп үйіне қайтарды. Бірақ жеңіл көліктегілер ауыр жарақат алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Қатты соққыдан көлік сайға ұшып кеткен. Ал автобус аударылып, көлікті басып қалды. Салонда алты адам болды. Үшеуі жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Тағы үшеуі ауруханада жатыр. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ.
"Олардың екеуі түрлі жарақаттармен өте ауыр халде жатыр. Екеуі де жансақтау бөліміне жатқызылды. Біз жүргізген реанимациялық шаралар мен жасалған операциялардан кейін де науқастардың жағдайы өте ауыр", - деді Алматы облысы Жамбыл орталық облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Құрбанбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также