Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған

© ТЖМ

Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кеше Алматы облысының "Күрті" трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған.

"Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. "Күрті" дәрігерлері сол жерде әйел адамды аман-есен босандырып алды. Құтқарушы-медиктердің сөзінше қыз бала дүниеге келген. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнбегені айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама