14 қыркүйек 2023 | 09:19

Алматы облысында бала балабақшада кәріз құдығына құлап көз жұмды

Қырбалтабай ауылы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінде ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінде ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы полицияға 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында хабарланған. "Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерделеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы.

Реклама
Реклама

Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная