ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2023 | 11:28
Алматы облысында бизнесмендерден жарнамаға заңсыз салық алған
Алматы облысында кәсіпкерлерден жарнама салығы заңсыз өндірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында кәсіпкерлерден жарнама салығы заңсыз өндірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Прокурорлар мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен жарнамаға заңсыз салық алу деректерін анықтады. "Жарнама туралы" заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және онда маңдайшалар қамтылмағаны атап өтілді.
"Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінде жарнаманың болуы туралы мәліметтерді фискалдық органдарға жіберген, оның ішінде бұл тізімге маңдайшалар да енгізілді. 220 кәсіпкерге қатысты осындай заңбұзушылықтарға жол берілді, прокуратураның енгізілген қадағалау актісі бойынша бүгінде 60-тан аса кәсіпкерге заңсыз төленген сомалар артық төлем түрінде дербес шоттарға қойылды", - делінген хабарламада.
Прокуратура "Жарнама туралы" Заңның 11-бабы 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы жарнамаға қолданылмайтынын және олар үшін салық төлемдері алынбайтынын түсіндірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также