Алматы облысында білім бөлімінің басшысы сотталды

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы сотталды видео кадры

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 бухгалтер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 бухгалтер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне үкім шығарды.

Реклама
Реклама

"Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, лауазымдық өкілетін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға кәсіптік бағдар беруші лауазымына жұмысқа орналастырған, осылайша жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі:

  • Каткееваға мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама