26 мамыр 2020 | 08:53

Алматы облысында блокбекеттер алып тасталады, бірақ карантин жалғасады

© Reuters

Алматы облысында блокбекеттер алып тасталады, бірақ карантин жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің 25 мамырдағы кешке жарияланған қаулысында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында блокбекеттер алып тасталады, бірақ карантин жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің 25 мамырдағы кешке жарияланған қаулысында айтылады.

Қаулы Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының 4,6 пайыз өсуіне байланысты шыққаны айтылады. 

Реклама
Реклама

Онда Алматы облысында карантинді жалғастыру туралы айтылған. Алматы облысының аумағында (Талдықорған қаласы - 27 пайыз, Талғар ауданы - 7,5 пайыз, Кеген ауданы - 8,5 пайыз) карантин шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту туралы шешім қабылданды. 

Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласын қоспағанда және эпидемиологиялық жағдайға байланысты COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз аумақтардан/аумақтарға кіруге/шығуға коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі аудандық және қалалық ведомствоаралық комиссиялардың шешімі бойынша облыстың аудандары мен қалалары арасындағы блокбекеттерді алып тасталады.

Барлық тұрғын мен көліктің еліміздің басқа өңірлерінен облыс аумағына кіруіне мыналарды қоспағанда тыйым салу туралы шешім қабылданыпты:

1)  үй карантинінде медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, Қазақстанның басқа өңірлерінен немесе шет мемлекеттерінен қайтып келе жатқан Алматы облысының тұрғындарын;

2) жергілікті атқарушы органдармен берілген арнайы рұқсат қағаздары бар адамдар мен көліктерін;

3) жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдайтын тұлғалар мен көліктерін;

4) растайтын құжаттар болған жағдайда, Алматы облысы арқылы транзитпен өтетін тұлғалар мен көліктерін;

5) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар, сондай-ақ карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарды;

6) Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері белгілеген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтаған авиарейстер;

7) ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін өз жұмысын қайтадан бастаған ұйымдарға бару және келу үшін жұмыс орыны бойынша елді мекенде тіркеуде тұратын және жұмыс орнынан анықтамасы бар адамдарды;

8) карантин жарияланған өңірлердің/қалалардың аймақтарына медициналық көрсеткіш бойынша келетін және кететін азаматтар және еріп жүретін адамдар 2 адамнан аспауы керек.

Оған мынадай құжаттар қажет: денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;  бірінші басшы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және жеделдігін растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру-хат.

Қаулыға сәйкес, аудандар мен қалалар арасында адамдарды автокөлік, теміржол транспорттары арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын вокзалдардың, қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, жабық нысандарда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салу, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салу және қоғамдық тамақтану нысаналарында кальянды пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылданған.

Мұнымен қатар, әкімдік жанындағы мобиль топтардың нысандарға іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізу тапсырылған. Ал әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруі жүргізіледі.

"Банктердің, пошта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды. Медицина қызметкерлерді тұрғындардан, отбасынан оқшаулап,  тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұруын, тамақтануын. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыруын. Медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлуін. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізуді. Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен белгіленген қосымша талаптарды және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттің басқа  аймақтарына/ аймақтарынан авиа ұшуларға рұқсат беруді, білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, Алматы облысының тұрғындарына жабық нысандарда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау, барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз болуға тыйым салынады. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болатыны айтылады.

Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салынады. Жабық нысандарда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан астам (негізінен отбасы мүшелері) жиналуға жол бермеу керегі айтылады.

Халықтың тұратын жерінен үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып еркін шығуына рұқсат беріледі. Үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар) шығуына рұқсат беріледі. Саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен келуге/кетуге рұқсат беріледі.

Ашылатын нысандар: ойын-сауда орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын мекемелерінің, отбасылық демалыс орындарының және адамдар көп жиналатын басқа да нысандар, Қазақстан өңірлері, аудандар, қалалар, елді мекендер арасында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар, темір жол вокзалдары, автостанциялар, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 30 орыннан асатын қоғамдық тамақтану нысандары, түнгі клубтар, кальян барлар, ойын-сауық нысандарды (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.), қоғамдық моншалар.

Қаулыны мына жерден толық оқи аласыздар.

Айта кетейік, Алматы облысындағы науқастар саны - 288. Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8531-ге жетіп отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная