Алматы облысында бір ай бұрын жоғалған жасөспірім табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы облысының полицейлері еріктілермен бірге бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған жасөспірімді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының полицейлері еріктілермен бірге бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған жасөспірімді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы Мұрал есімді жасөспірім қыркүйектің 11-і үйінен шығып, қайта оралмаған.

"Баланы іздеуге аймақ полициясының жеке құрамы бағытталды. Облыстық департамент бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қосылды. Нәтижесінде Талғар ауданының Сақтан кентінен кәмелетке толмаған бала табылды. Бала 40 күннен аса уақыт бойы ата-анасынан жасырынған. Ол далада тұрып, адамдардың көзіне түспеуге тырысқан", - делінген Алматы облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта жасөспірім ата-анасының үйіне оралды. Баланың әкесі полицейлерге және баланы іздеуге көмектескендердің барлығына үлкен алғысын білдірді.

Кәмелетке толмаған бала үйден бірінші рет қашып кетпегені, бірнеше мәрте ата-анасымен бірге тұрудан бас тартқаны белгілі болды.

"Осыған байланысты облыстық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері, ювеналды полиция баланың болашағы туралы мәселені шешіп жатыр",-деп толықтырды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама