Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуін Каспий жағалауында салу жоспарланып отыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысында екі АЭС салу жоспарланып отыр, тағы біреуі Батыс Қазақстанда салынуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында екі АЭС салу жоспарланып отыр, тағы біреуі Батыс Қазақстанда салынуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы атом станциясын салу үшін екінші алаң ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын белгілеген.

"Байқаудың барлық қатысушысымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. ҚХР пайдасына түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бірақ үнемі бұл компанияны басымырақ қарастыратынымызды айттық. Бірақ әзірге шешім қабылданған жоқ", - деді ол Мәжілістегі брифингте.

Реклама
Реклама

Ол елдің батысында станция салу мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын жеткізді.

"Батыс Қазақстан, Каспий жағалауы шағын және орта қуатты реакторлары бар атом станциясын салу үшін әлеуетті орын ретінде қарастырылады. Десе де әзірге алаң нақты анықталған жоқ. Жақын арада зерттеу жүргізіледі", - деп толықтырды агенттік басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама