ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қараша 2020 | 12:54
Алматы облысында екі мың ағаш кесілген
Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысы Қызылқайрат ауылының маңында жолдың жанындағы ағаштардың кесілгенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысы Қызылқайрат ауылының маңында жолдың жанындағы ағаштардың кесілгенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ағаштарды жаппай кесу туралы жазба kris_p_talgar парақшасында жарияланды.
"Біздің Қызылқайрат ауылында кесілген ағаштар туралы өз тарихымыз бар. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының бірін салудың құны осындай болды", - деп жазды жазба авторы.
Талғар ауданының әкімдігі бұл учаскеде мамандардың рұқсатымен 2 413 ағаш кесілгенін хабарлады. Өтемақы ретінде тапсырыс беруші 2024 жылдың қыркүйегіне дейін 12 мың 65 ағаш отырғызуы керек.
"Ағаштар бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс жұмыстарын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін кесілді", - делінген әкімдіктің рұқсат құжатында.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.
Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.
Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған елі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также