Алматы облысында ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматы облысында ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті © instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған ер адам бір айдан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған ер адам бір айдан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті.

1986 жылы туған Жүнісбаев Ғани Асқарұлы 18 қарашада жоғалып кеткен. Ол кешке қарай Тамғалы тасжолы аумағынан шаруашылық қожалығынан шығып, жоғалып кеткен.

Жарнама
Жарнама

Ер адамның бойы - 165-170 сантиметр, арықтау келген, қысқа шашты, көзі қоңыр.

Жоғалған ер адамның ағасы шаруашылық қожалығында басқарушы болып жұмыс істегенін айтты. Оның айтуынша, жоғалғанына бір апта өткеннен кейін ер адамды Алматыда Шолохов көшесіндегі бірінші вокзал мен базар маңында көрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама