Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынын алты адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынын алты адам қаза тапты Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz

Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан алты адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан алты адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға 24 қарашада Алматы облысында, тасжолдың 65-шақырымында болған.

Облыстық полиция мәліметінше, Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, медициналық мекемеде көз жұмған. Сонымен қатар, бес жолаушы түрлі жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында", – делінген Алматы облыстық Полиция департаменті хабарламасында.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама