Алматы облысында жасөспірім құдыққа құлап кетті

Видеодан алынған

Алматы облысы Бесағаш кентінің тұрғындары ашық тұрған құдыққа бала түсіп кеткенін айтты. Оқиғаға қатысты аймақ әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Бесағаш кентінің тұрғындары ашық тұрған құдыққа бала түсіп кеткенін айтты. Оқиғаға қатысты аймақ әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат kris_p_talgar-парақшасында пайда болды. Видеодан жергілікті тұрғындардың ашық қалған құдық пен жолдарға шағымданғанын естуге болады.

Реклама
Реклама

"Бесағаш кентінде бала ашық тұрған құдыққа құлап кетті. Қуанышқа қарай зардап шекпеген. Сондай-ақ, ауылда жақында құбырлар төселгендіктен жолдар жөнделмеген. Көліктер жиі бұзылып қалады", - делінген жазба сипаттамасында.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ашық қалған құдық Бесағаш ауылы Айыманов көшесінде екенін айтты.

"Мердігер ұйым жаңа су құбырларын төсеу жұмыстары кезінде құдық орнатқан. Мердігер ұйыммен су құбыры желілерін тарту бойынша жұмыстар аяқталған жоқ. Нысан әлі пайдалануға берілмеген. Ертең құдықтарды жабу жұмыстары жоспарланған", - деді әкімдік өкілі.

Мердігер ұйыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама