ПОДЕЛИТЬСЯ
25 шілде 2020 | 14:40
Алматы облысында жер сілкінді
Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясының сейсмикалық станциялар желісінде 25 шілдеде сағат 13.32-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Кеген ауданының аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 122 шақырым жерде 5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.1. Магнитудасы - MPV 3.2.
Кеген ауданының Саты ауылында дүмпулер 2 балдық күшпен сезілді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақтардағы жағдайды анықтау үшін әкімдікті, Полиция департаментін, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдарды хабардар етті.
Зардап шеккендер жайлы хабар жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также