Алматы облысында жер сілкінісі болды

©️ seismo.kg

Алматы облысында, Кеген ауылы мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан сейсмологтарының мәліметінше, жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 8:19-да болған. Магнитудасы – 3.7, ал қарқындылығы – 3.5 балл.

Реклама
Реклама

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Қарқара ауылынан 25 шақырым солтүстік-шығыста және Қаракол қаласынан 95 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілген жоқ", – делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Кеген ауданында, Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта орналасқан.

"Эпицентрдегі есептелген қарқындылық: сезілмейді", – делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама