ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2023 | 08:45
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20:30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы мен Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың нақты саны анықталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомство аман-есен табылған отбасы мүшелері жоспарланған туристік маршруты туралы облыстық ТЖД-ға ескертпегенін атап өтті.
Еске салайық, 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бартоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғылып кеткені туралы хабарлама келіп түскен еді.
Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай жолға шығып, үйлеріне оралмаған. Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, аудандық ішкі істер бөлімі мен еріктілер жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также