14 шілде 2023 | 10:26

Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
видео кадры

Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жүргізушілердің жантүршігерлік жанжалына қатысты іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлердің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне жәбірленушінің күдіктімен татуласқан және қылмыстық істі тоқтатуды сұраған арызы келіп түскен. Осыған байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-35 бөлігі 12 тармағы негізінде тоқтатылды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, оқиға 28 маусымда Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында болған. Көліктердің бірінің ашулы жүргізушісі сол жақ жолақтағы басқа көлікті тоқтатып, өзі көлік терезесінен шығып, тоқтатқан көліктің капотына шығып, оның алдыңғы әйнегін аяғымен сындырған. Одан кейін төмен түсіп, жүргізушінің бүйіріндегі терезені жұдырығымен сындырып, жүргізушіні шығарып алмақ болған. Ол кезде көлікте жүргізушіден бөлек әйелі мен баласы болған.

Осыдан кейін полицейлер бұл дерек ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық дерегі бойынша аудандық ІІБ-нің ТЖД-да тіркелгенін хабарлады. Күдікті 1993 жылы туған К. есімді ер адам ұсталып, оның көлігі Ұзынағаш ауылындағы мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная