ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2022 | 08:56
Алматы облысында қаңтарда ұрланған тапанша табылды
Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеменің қызметкерлері қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестірді.
"Іздестіру кезінде Ескелді ауданы Жастар ауылындағы аялдама жанындағы тас астынан тығулы оқ-дәрісіз сауытымен бірге Макаров тапаншасы табылды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни "Қаруды заңсыз сақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также