Алматы облысында карантин күшейтілді

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мұрағат фотосы

Алматы облысының бас санитар дәрігері "карантин режимі және өңір аумағында кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының бас санитар дәрігері "карантин режимі және өңір аумағында кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 19 қазанда таңғы сағат 7.00-ден бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтіледі. Жұмысы тоқтатылатын нысандар:

  • Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелер);
  • 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;
  • Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).
Реклама
Реклама

Сондай-ақ, өңірде ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Бұдан басқа, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3-тен аса адамның бірге жүруіне тыйым салынады, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.

Қоғамдық көліктер қарбалас уақытта 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын интервалмен жолаушыларды тасымалдауы керек.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама